Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот аяқталды

31 Желтоқсан 2021, 14:35
2506
Бөлісу:
Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот аяқталды

Алматы, BAQ.KZ. Сот 19 жастағы Аяжан Еділованы зорлап, кейін қатыгездікпен өлтірді деген күдікті Рахманберді Төребековты 25 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырлыған соты күдіктіні 25 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарды.

Жәбірленуші тарап 26,3 млрд теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіруді сұрады. Сот шешімі бойынша Төребеков жәбір көрген тарапқа 20 млн теңге және 6,8 млн теңге көлемінде процессуалдық шығынды төлеуі қажет. 

Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, қызды зорлады деген айыптан ақтауды сұрады.

2021 жылдың наурызында Төребеков қызды зорлау мақсатында оған киім тіктіремін деп үйіне алдап шақырған. Жыныстық қатынасқа қыз өз еркімен келіспеген соң, ол зардап шегушіні зорлаған. Кейін зорлағанын жасыру үшін оны белдігімен қылқындырған, қыз сол кезде көз жұмған. Өз қылмысын жасыру үшін ол қыздың денесін бөлшектеген, - деді Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы