Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аязды күндер басталды: құтқарушылар астаналықтарға маңызды ескерту жасады

Бүгiн, 22:50
99
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Астанада аязды күндер басталып, синоптиктердің болжамынша алдағы күндері ауа температурасы -25–26 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға арнайы үндеу жасап, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушылардың айтуынша, дәл осы кезеңде тұрғын үй секторында өрт қаупі айтарлықтай арта түседі. Сондықтан жылыту жабдықтарының күйін бақылау және оларды қауіпсіз пайдалану – әр азаматтың басты міндеті.

Мамандар өрттің алдын алу және жақындардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін мына ережелерді сақтауға шақырады:

  • пештердің, газ және электр жылытқыштарының техникалық жарамдылығын тексеру;
  • тек сертификатталған және ақаусыз жылыту құралдарын қолдану;
  • электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеу және қосылған құрылғыларды қараусыз қалдырмау;
  • жылытқыштарды жанғыш материалдардан қауіпсіз қашықтықта ұстау;
  • қолдан жасалған немесе зақымдалған жылытқыштарды пайдаланбау;
  • түтін шығатын құбырларды жүйелі түрде тексеріп, уақытында тазалау.

Төтенше жағдайлар қызметі жылыту құралдарын дұрыс пайдалану – өрт қауіпсіздігінің басты кепілі екенін тағы бір мәрте еске салады. Аязды күндерде мұқияттықты күшейтіп, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы