Аязды күндер қайта басталады

9 Қаңтар 2019, 16:36
3292
Бөлісу:
Аязды күндер қайта басталады

Астана, baq.kz. Синоптиктердің болжауы бойынша еліміздің Батыс облыстарында күн жылып, қалған аймақтарда күн қайта суытады.

«Орталық Азия аумағынан жылжитын циклонмен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, көктайғақ және тұман, ал шығыста қар, бұрқасын және қатты екпінді жел күтіледі», - делінген «Қазгидромет» таратқан хабарламада.

Ауа температурасы алдағы тәуліктерде жоғарылайды, бірақ 11 қаңтарда төмендей бастайды, әсіресе Қазақстанның шығыс аймақтарында.

Мұнда түнде аяз тағы да 30-37-ге дейін күшейеді. Республиканың солтүстік және орталық облыстары жоғары атмосфералық қысымның алқабында болатындықтан, кей жерлерде аздаған қар күтіліп, түнде аяз 28...35 градусқа дейін жетеді. Батыс облыстарында қысқа мерзімді суытудан кейін температураның жоғарылауы, қар және көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы