5 ақпанда Астанада және Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын, ал оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Мұғалжар ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан асады. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 27 градус аяз болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.