Бүгін, 31 қазанда Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Бірқатар өңірде аяз, тұман, көктайғақ пен қатты жел соқса, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарында түнде 1-8 градусқа дейін аяз болады. Алматы облысының таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал. Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында тұман түседі.
Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Өскеменде түнде және таңертең қар мен көктайғақ күтіледі. Семейде де түнде жауын-шашын болып, жолдар тайғақ болады.
Қызылорда облысының шығысы мен орталығында күндіз шаңды дауыл тұруы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарының кей аудандарында да жел күшейеді.
Сонымен қатар Жетісу, Алматы, Атырау, Қызылорда және басқа да бірқатар өңірде жоғары немесе төтенше өрт қаупі сақталады.