Ертең, 18 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша:
Түркістан облысында таулы аудандарда найзағай күтіледі, Шымкент пен Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады;
Алматы және Жамбыл облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы мүмкін;
Ақмола, СҚО, Қостанай, Қарағанды, ШҚО және Ұлытау облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, кей жерлерде найзағай ойнайды;
Қостанай облысының солтүстігінде топырақ бетінде -2°С дейін аяз болады;
Павлодар облысында күндіз бұршақ күтіледі, найзағай жарқылдайды;
Маңғыстау, Ақтөбе, БҚО, Атырау, Қызылорда облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жалпы, синоптиктер 16 облыс пен екі қалада – Алматы мен Шымкентте ауа райының қолайсыз құбылыстарын болжауда.