Қазақстандық бала УЕФА Суперкубогының иегерін марапаттады

15 Тамыз 2019, 09:55
2562
Бөлісу:
Қазақстандық бала УЕФА Суперкубогының иегерін марапаттады
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен футболдан УЕФА Суперкубогының иегерін марапаттау рәсіміне жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков қатысты.

 УЕФА Суперкубогын Англияның "Ливерпуль" мен "Челси" клубы сарапқа салды. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, пенальтиден "Ливерпуль" жеңіске жетті. 

Матчтан кейінгі марапаттау рәсімінде футболшылардың әрқайсысын аяқсыз туған Әлидің қолын алып, құшақтап жатты. Оны қазақстандық "Нико Вуйчич" деп атайды.

photo_131535 (1).jpg

Жеңімпаз команданың капитаны Джордан Хендерсонға трофейді УЕФА Александр Чеферинмен бірге Әли Тұрғанбеков те тарту етті. 

Айта кетейік, ойын алдында ол «Ливерпульдің» жаттығу жиынына қатысты. Сол жерде Мохаммед Салахпен доп ойнады. 

photo_96745.jpg

"Достарым мені УЕФА-ның 2019 жылғы Суперкубогына шақырды. Ол жерде Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының чемпиондарымен матч өткізеді. Қуанышымда шек жоқ. Өзімді керемет сезініп тұрмын. Осы мүмкіндікті сыйлаған УЕФА-ның басшылығына, УЕФА қорына және Қайрат Советайұлына алғысымды білдіргім келеді», – деп жазған болатын Әли Тұрғанбеков өзінің Instagram-дағы парақшасында. 


Әли осыған дейін Диего Марадона, Лионель Месси, Андрей Шевченко секілді әлем футболының жарқын жұлдыздарымен де кездескен еді.

Өзгелердің жаңалығы