Аялдаманың есік-терезесін теуіп, сындырып кеткендер ұсталды

Кеше, 22:51
188
Бөлісу:
Аялдаманың есік-терезесін теуіп, сындырып кеткендер ұсталды
Фото: BAQ.KZ - архив

Елордалық полицейлер бұзақылық әрекеттермен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Бөтеннің мүлкіне зиян келтірген вандалдардың кезекті тобы жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

25 қаңтар күні сағат 22.00 шамасында тұрғын үй кешендерінің бірінде 29 жастағы ер адам тұрақ есігін әдейі бүлдіріп, ғимараттың кіреберіс есігінің жақтауын алып тастаған.

1 ақпанға қараған түні 32 жастағы тұрғын мас күйінде лифтінің айнасын және ішін әдейі теуіп, зақымдаған.

Ертеңінде 33 жастағы азамат мас күйінде тұрғын үй кешендерінің бірінде қоғамдық мүлікті қасақана бүлдіріп, сындырған.

11 ақпанда түнгі 00:00 шамасында 31 жастағы Астана тұрғыны мас күйінде құны 25 мың теңге тұратын айнаны теуіп сындырып кеткен.

Ақпанның 12-сіне қараған түні Байтұрсынов көшесіндегі екі мас ер адам автобус аялдамасын сындырып кеткен. Олар 22 және 19 жастағы жігіттер болып шықты.

Бөтеннің мүлкін қасақана сындырғаны немесе бүлдіргені үшін тәртіп бұзушылар табылып, жауапкершілікке тартылды.

"Тоқта, Вандал!" акциясы аясында Астанада күндіз-түні рейдтер жүргізіліп, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қала меншігіне ұқыппен қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Акцияның мақсаты – кез келген бұзақылық жағдайын тоқтату және тазалық пен тәртіпті сақтау.

Іс-шараға волонтерлар, белсенділер, белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қатысты.

Вандализмнің алдын алу жұмысы қалалық прокуратурамен және полиция бөлімімен келісе отырып, "Заң және тәртіп" аясында жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы