Абай облысында республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық екі айлық науқаны аясында "Киелі мекен» апталығы барысында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
"Киелі мекен" апталығы ұлттық әдебиетіміздің баға жетпес жауһарына айналған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» шығармасында жырланған екі ғашықтың құрметіне қойылған ескерткішті тазалаудан басталды.
Шараға Аягөз ауданынан 100-ге жуық жастар қатысты.
Акциядан кейін тарихи-мәдени ескерткіштің аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.