Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Балалардың терезеден құлау деректері» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқарма басшысы Еркін Отарғалымұлы айтып берді.
Қазіргі заманғы қала жағдайында бала білуге деген қызығушылық және ересектер тарапынын қажетті бақылаудың болмауы салдарынан балалар бірқатар қауіп-қатерге тап болады. Мұндай қауіп-қатерлердің негізгілері – өрт, су айдындарындағы жазатайым оқиғалар, терезеден құлау оқиғалары. Балалардың терезеден құлау оқиғаларына көп жағдайда 2-7 жас аралығындағы балалар тәуелді. Бұған басты себеп – осы жастағы балалардың ашық терезе алдында қараусыз қалуы, - деді Еркін Отарғалымұлы.
Статистикалық мәліметтер бойынша 2018 жылдан бастап қала аумағында осындай 70 фактор тіркелген. Оның салдарынан 16 бала көз жұмып, 54 бала түрлі жарақат алды.
Осы жылдың статистикасына сәйкес, 28 оқиға тіркелді.
Аталған жазатайым, қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында бірнеше кеңес айтылды:
- Ашық терезе алдында балаларды қараусыз қалдырмау;
- Бала өз еркімен терезе алдына шықпауы үшін терезенің алдына жиһаздарды жақын қоймау;
- Балалармен міндетті түрде терезенің алдына шығып, ойнауға болмайтыны туралы әңгіме жүргізу керек;
- Терезеге орнатылған маскит торы баланың терезеден құлауына бөгет бола алмайды. Осыны есте сақтау қажет.
- Ата-аналар қырағы болыңыздар және балалардың өмірін сақтаңыздар!
Бұл проблема өзекті болып тұр. Оны шешудің бірқатар амал-тәсілі бар. Ең қарапайым және тиімдісі – терезелерге уақытылы және шектегішті қою. Олардың бағасы қымбат емес. Осы мәселеге мән беруді сұраймын. Сондай-ақ, үйде кішкентай балалар бар болса, міндетті түрде осындай қондырғыларды орнатуға кеңес береміз, - деді ТЖД басшысы.