Автомектептерге қойылатын талап күшейтілді

21 Мамыр 2024, 12:00
498
Бөлісу:
Автомектептерге қойылатын талап күшейтілді
Фото: Арман Мухатов - архив

Енді емтихан тапсыру барысы онлайн трансляция арқылы бақыланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

Биыл 3,5 млн  жолда жүру ережелерін бұзудың жолы кесіліп, 8 мыңға жуық «мас» жүргізуші ұсталды. Олардың барлығы соттың шешімі бойынша көлікті басқару құқығынан айырылған. Спикер сөзінше осындай заң бұзушылыққа автомектептерге қойылатын талаптардың төмен екені әсер етеді.

Ішкі істер министрлігімен емтихандарды қабылдау Қағидаларына түзетулер енгізілді. Енді бұл процедура ашық өтеді. Емтихан тапсыру процесі енді онлайн трансляция арқылы бақыланады. «Автомектеп» ақпараттық жүйесінде білім алушыларды міндетті тіркеу нормасы енгізілді. Осылайша, тізімдерді түзету мүмкіндігі алынып тасталды, - деді ол.

Сонымен қатар  енді жүргізушілер өз бетінше емтиханға дайындала алмайды.

Өзгелердің жаңалығы