Әлемде автокөлік сатылымы төмендеді

25 Наурыз 2019, 13:24
2118
Бөлісу:
Әлемде автокөлік сатылымы төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың ақпан айында әлемдік автонарық 6%-ға дейін төмендеп, 6,3 млн жеңіл коммерциялық автомобильге жетті. Бұл жөнінде BNews.kz порталы хабарлады. 

«Автостат» агенттігі аналитиктерінің мәліметі бойынша, ақпанда жаңа автомобильдердің әлемдік нарығы айтарлықтай төмендеді. 

2019 жылдың екі айының қорытындысы бойынша әлемдік автопарк 13,6 млн автокөлікке толыққан. Бұл 2018 жылдың балама мерзіміндегі көрсеткіштен 7,6% төмен. Ең сыйымды автонарық Қытай болып тұр. Мұнда қыстың екінші айында 1,45 млн машина сатылған (-14,2%). Аналитиктер мұны қытайлық жаңа жылдың мерекеленуімен байланыстырып отыр. Екінші орында 1,2 млн автокөлік сатылымымен АҚШ нарығы тұр (-2,8%). Үшінші орында 1,1 млн автокөлік саудасымен (-1,3%) «Ескі дүние» нарығындағы көрсеткіш орналасқан. 

Сатылым деңгейі тек Жапонияда ғана артқаны байқалады. Мұнда 473 мың автокөлік сатылған (+1,2%).
Өзгелердің жаңалығы