Германияның Мангейма қаласының орталығында автокөлік аса қатты жылдамдықпен бір топ адамды қағып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай Galeria Kaufhof сауда орталығының жаяу жүргіншілер жүретін маңында болған.
Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, жиырмадан астам адам жарақат алғаны айтылды. Олардың ішінде, 15 адам аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Жүргізуші қолға түсті.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол Рейнланд-Пфальцтың 40 жастағы тұрғыны екені айтылды. Қайғылы жайт адамдар көшеге топ болып жиналатын карнавалдар маусымында болған.
Германия полициясы аса жоғары дайындықпен жұмыс істеп жатыр.