Мысырдың Қызыл теңіз жағалауында автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, автобус пен жүк көлігі жексенбіде таңғы уақытта Қызыл теңіз провинциясының Рас-Гариб және Заафарана қалаларының арасындағы 40-шақырымда соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды, - деді денсаулық сақтау саласының мамандары.
Автобустың бір жанында Efars trav деп жазылған, соған қарағанда бұл туристік автобус болуы мүмкін. Әзірге көлікте қай елдің азаматтары болғаны беймәлім.