Автобус парктері CTS компаниясына 28 млрд теңге қарыз

29 Шілде 2022, 18:20
1119
Бөлісу:
Автобус парктері CTS компаниясына 28 млрд теңге қарыз
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «City Transportation Systems» CTS жетекшісі  Ғани Тәжиев қоғамдық көлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында айтты. 

Елордамыз халық санының күрт өсуіне байланысты қоғамдық көлік мобильдігіне қатысты мәселелер туындап отыр. Көлікпен жүретін адам саны жылдам артып жатыр. Автокөліктердің артуы артып, 428 мың бірлікті құрады. 2022 жылы жаңа бағыттар мен автобустарды қосу жоспарланып отыр. Халық санының артуына байланысты қажеттілік аясында қоғамдық көлік саласында бағыт ұзақтығы 17 шақырымға ұзарған. Сондай-ақ қоғамдық көлікті күту уақытыда көбейіп отыр, - деді ол. 

Тәжиев атағандай, субсидиялаудың жалпы қаражаты есебінен қарыздарды жабу мен автобус сатып алуға жұмсалады. 

Жыл сайынғы субсидияны ғана емес, 5 жылдық жоспар дайындау керек. Сондықтан қаражат бөлуді де алдын ала жоспарлап отыру керек, - деді ол. 

Айта кетейік, автобус парктері CTS «City Transportation Systems» ЖШС 28 млрд теңге қарыз. 

Өзгелердің жаңалығы