Автобус апаты: Жүргізуші қамалды, турфирмаға айыппұл салынады

27 Мамыр 2024, 20:52
556
Бөлісу:
Автобус апаты: Жүргізуші қамалды, турфирмаға айыппұл салынады
VIDEO
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 мамырда Yutong автобусының жүргізушісі Кеген-Жаланаш-Көлсай автожолының 5 шақырымында келе жатып, рульді басқара алмай, автобустың аударылуына жол берді. 

Аленовтің сөзінше, 25 жолаушы медицина қызметкерлерімен тексеріліп, жетеуіне ауруханаға жатқызусыз көмек көрсетілді.

Жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралын басқарғаны үшін автобус жүргізушісі қамауға алынды. Сонымен бірге, автокөлікті басқаруды көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаға бергені үшін Алматы қаласынан Көлсай көліне жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын "Көлсай көлдері" туристік фирма иесіне ірі мөлшерде айыппұл салынады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы