Австрия шекаралық бақылауды күшейтпек

20 Шілде 2020, 16:10
1759
Бөлісу:
Австрия шекаралық бақылауды күшейтпек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай қатаң шаралар осы мемлекеттерде коронавирус індетінің өршуіне байланысты қабылданып отыр.

Австрия Батыс Балқан мемлекеттерімен шекаралық бақылауды күшейтеді, тексерулерге әскери бөлімшелер де қатысады. Мұндай қатаң шаралар осы мемлекеттерде коронавирус індетінің өршуіне байланысты қабылданып отыр. Ресми Венаның пікірінше, инфекция жағдайы әзірге бақылауға алынған жоқ, - деп жазды ru.euronews.com.

Euronews журналисі Йоханнесос Плешбергпен әңгіме барысында Австрия армиясының подполковнигі Томас Эненкель осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

Біз әрбір адамның тапсырған анализінің жарамдылығын тексереміз, сондай-ақ бұл адамды карантинге жіберу керектігін анықтаймыз немесе шекарадан өтуге мүмкіндік береміз, - деді.

Босния мен Герцоговина, сондай-ақ Сербияның нөмірлік белгілері бар көлік құралдарына ерекше назар аударылады. Егер автобус болса, онда барлық жолаушы мен жүргізуші тексеруден өтеді. Томас Эненкель Батыс Балкандарында инфекцияның жаңа ошақтары пайда болып жатқанын және вирус жұқтырғандар санының артқанын, сонымен қатар Австрияда да анықталған жағдайлар саны өскенін айтты.

Тексеру жүргізу үшін қысқамерзімді оқыту курстары мен тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. ПТР-талдаулар үшін пайдаланылатын реагенттер Еуразиялық одақ стандарттарына сәйкес келуі тиіс, әйтпесе нәтижелер жалған оң және жалған теріс болуы мүмкін.

Бір апта бұрын Вена Батыс Балкан елдерімен, сондай-ақ Болгария және Румыниямен әуе қатынасына тыйым салды.

Өзгелердің жаңалығы