Австрия билігі үшінші жалпыұлттық локдаун болатынын мәлімдеді

19 Желтоқсан 2020, 13:24
1424
Бөлісу:
Австрия билігі үшінші жалпыұлттық локдаун болатынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рождество мерекесінен кейін үшінші жалпыұлттық локдаун болады. 26 желтоқсаннан бастап бірінші кезекте керекті тауарларды сататын дүкендерден басқасы жабылып, азаматтардың көшеде жүруі шектеледі.

Австралия билігі Сидней қаласында екі апталық тыныштықтан кейін коронавирустың қайта өршуінің салдарынан ел азаматтарына мүмкіндігінше үйлерінде қалуларына кеңес беруде. Көптеген австралиялықтың Рождество мерекесін бұрынғысынша тойламақ болған жоспарлары қазір күмән тудыруда.

Ал Швеция үкіметі тарапынан қоғамдық көліктерде бетперде тағу ұсынылды. Дәмханалар мен мейрамханаларда бір үстел басында бұрынғыдай 8 адамнан емес, тек 4 адам ғана отыра алады, кешкі 8-ден кейін алкогольді сусындарды сатуға тыйым салынды.

Өзгелердің жаңалығы