Австралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынады

Бөлісу:
Австралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынады

Австралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Австралия парламенті 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым cалмақ. Жаңа заң 1 жылдан кейін күшіне енеді.

Ел Премьер-министрінің мәлімдеуінше, мұндай тыйым балаларды әлеуметтік желінің зиянды әсерінен қорғау үшін қажет. Оны қолдап отырған ата-ана көп. Бірақ кей сарапшылар заң талаптарын тым қатал деп бағалап, әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімсіз болуы мүмкін дейді. Бұған дейін Франция мен АҚШ-та осындай заң енгізіліп, нәтиже бермеген соң күші жойылған еді.

Өзгелердің жаңалығы