Австралиядағы өрт: тұрғындар үйден шықпай отыр

7 Қаңтар 2020, 14:58
3488
Бөлісу:
Австралиядағы өрт: тұрғындар үйден шықпай отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канберра әуежайы бірнеше рейсті тоқтатты. Ал қаладағы музейлер, дүкендер мен университеттер жабық.

Австралия астанасы Канберрада ормандағы өрт салдарынан ауа түтінге толды. Жергілікті билік тұрғындарды үйден шықпауға шақырды.Бұл туралы 6 қаңтарда DW басылымы хабарлады. 

Тұрғындарға алдағы 48 сағат бойы үйден шықпау туралы хабарлама таратылды. Астаналық әуежай бірнеше рейсті кейінге шегерді. Ал қаладағы музейлер, дүкендер мен университеттер жабық тұр.

Дегенмен елдің оңтүстік-шығыс жағалауында жаңбыр жауып, өртпен күресті аздап жеңілдетті. Дегенмен Жаңа Оңтүстік Уэльс және Виктория штаттарында 170-ке жуық өрт тоқтаған жоқ.

Өрт болады және бірнеше ай бойы болады, - деп мәлімдеді Австралияның премьер-министрі Скотт Моррисон.

Қазір жеті миллион гектарға жуық территория жанып кетті. 24 адам қаза тапты және жүздеген миллион жануар қырылды.

Өзгелердің жаңалығы