Австралияда вейп сатуға шектеу енгізілді

7 Шілде 2024, 02:27
407
Бөлісу:
Австралияда вейп сатуға шектеу енгізілді
Фото: baq.kz

Австралияда вейпті пайдалануға шектеу енгізілді. Заң 1 шілдеден бастап күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңға сәйкес жасыл құрлықта электронды темекіні өндіру, сату және шетелден тасымалдап, сақтау қатаң реттеледі. Олар тек дәріханаларда сатылып, электронды құрылғыда никотині көп болатын түрлері тек дәрігердің рұқсатымен ғана беріледі. Сонымен қатар олардың сыртқы формасы барынша қарапайым болуы тиіс.

Заңды бұзғандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 1,5 миллион доллардан аса айыппұл төлеуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы