Австралияда өрт салдарынан миллиард жануар қырылды

9 Қаңтар 2020, 09:14
8935
Бөлісу:
Австралияда өрт салдарынан миллиард жануар қырылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияда орман өрті салдарынан 1 миллиардтан астам жануар қырылып қалды. 

Бұл туралы Сидней университетінің баспасөз қызметі зерттеу жұмысына сілтеме жасап хабарлады.

Профессор Крис Дикман Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында өрт салдарынан 800 миллионнан астам жануар өлгенін анықтаған. Ал елдегі қырылған жануарлардың жалпы саны бір миллиардтан асады. 

176578_2.jpg

Дикмон келтірген сандар 2007 жыл бойынша Австралияның жабайы табиғатына жерді тазалаудың әсері туралы Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының есебі негізінде алынған. Зерттеу авторлары осы сандарды пайдалана отырып, Жаңа Оңтүстік Уэльсте сүтқоректілер, құстар және бауырымен жорғалаушылар популяциясы тығыздығының орташа деңгейін анықтады. Содан соң тығыздық бағасын өсімдіктің өсу жер көлеміне көбейтті.

200103135258245e.jpg

Австралиядағы орман өртінің салдарынан миллиондаған гектар жер өртенді. Соңғы айларда өрттен 17 адам қаза тапты, мыңдаған үй жанып кетті. Кей жерде өрттің қатты болғаны сонша қара түтін, оны ауадан сөндіру мүмкін болмай тұр. Жергілікті билік әскери-теңіз күштерінің кемелерін және авиацияны зардап шеккен аймақтарға жіберіп жатыр. Австралияның оңтүстік-шығыс жағалауында өртке байланысты эвакуация жүріп жатыр.

75_big.jpg

Айта кетейік, Австралиядағы орман өрті өткен жылдың қыркүйек айынан бері өшпей жатыр. Бұған дейін, орман өртінен жануарлардың 24 түрінің 500 миллион басы өлгені хабарланған болатын. Оның 8 мыңнан астамы коала аюы.

Соның салдарынан, Австралия билігі он мыңдаған түйені өлтіру жөнінде шешім шығарды. Басты себеп судың жетіспеушілігі.

Қазір Австралиядағы орман өртінің түтіні Тынық мұхиты мен Оңтүстік Америка құрлығын айналып Бразилияның оңтүстігіне жетті.


Өзгелердің жаңалығы