Австралияда ірі көлемде есірткі тәркіленді

16 Тамыз 2019, 02:41
1315
Бөлісу:
Австралияда ірі көлемде есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Квинсленд штатында полицейлер 800 келіге жуық метамфетамин ұнтағын тәркіледі, деп хабарлады 24.kz.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, тәртіп сақшылары ірі көлемдегі есірткіні Брисбен қаласы маңынан тапқан. Алдын ала есеп бойынша оның құны нарықта 600 миллион АҚШ долларынан асады. Қазір осы іске байланысты Біріккен корольдіктің екі азаматы ұсталып, оларға заңсыз есірткі тасымалымен айналысты деген айып тағылып отыр.


 

Өзгелердің жаңалығы