Австралия туризм саласындағы 1 млн адамның жұмысқа оралуына рұқсат бермек

6 Мамыр 2020, 08:50
1297
Бөлісу:
Австралия туризм саласындағы 1 млн адамның жұмысқа оралуына рұқсат бермек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралия мен Жаңа Зеландия бір-біріне шекарасын ашып, екі ел азаматтарының саяхаттауы үшін қауіпсіз аймақ құруды қарастыруда, деп жазды 24.kz. 

Бұл туралы Австралия премьер-министрі Скот Моррисон Ұлттық кабинеттің отырысында мәлімдеді. Оған Жаңа Зеландия үкімет басшысы Джасинда Ардерн қатысты. 

Моррисонның айтуынша, үкімет жуық арада қандай шектеу шаралары алынатынын хабарлайды. Билік өнеркәсіп пен туризм саласындағы 1 миллионға жуық адамның жұмысқа оралуына рұқсат бермек. 
Біз адамдардың жұмысқа қайта оралуын қамтамасыз етуіміз қажет. Егер қазіргі шектеу шаралары сақталатын болса, мемлекеттегі экономикалық белсенділік апта сайын 4 миллиард долларға төмендейді. Өндіріс пен тұтыну қысқарады. Бұл орта есеппен 4 миллионға жуық австралиялықтың апта сайын алатын жалақысына пара-пар, - деді Австралия қаржы министрі Джош Фрайденберг.
Айта кетейік, Австралияда қазір індетті жұқтырғандардың саны 6 мың 849 адамға жеткен. Олардың 6 мыңға жуығы емделіп шыққан. 



Өзгелердің жаңалығы