Австралия табиғатты қалпына келтіру үшін 35 млн доллар бөлмек

13 Қаңтар 2020, 19:40
1953
Бөлісу:
Австралия табиғатты қалпына келтіру үшін 35 млн доллар бөлмек

Алматы, BAQ.KZ. Австралия билігі ормандағы өрттен кейін табиғатты қалпына келтіруге 35 млн доллар бөледі. 

Бұл туралы елдің Қоршаған ортаны қорғау министрі Сьюзан Лей Twitter-дегі парақшасында жазды.

Бүгін табиғатты және жабайы аңдардың тіршілік ету ортасын қалпына келтіру үшін, сонымен қатар ғалымдардың, экологтар мен қоғамдық ұйымдардың жұмысын қолдау бағытында мен 50 млн австралия долларын ($34,8 млн) бөлуге тапсырма бердім, - деп жазды министр. 

Оның айтуынша, бұл қаражаттың жартысы зардап шеккен жануарлардың, әсіресе коала жануарларының популяциясын қалпына келтіруге бағытталмақ.

Австралияның шығыс жағалауындағы орман өрті 2019 жылдың қазан айында басталған. Құрлықтағы орманның 8,5 млн гектары жойылған, сонымен бірге 3 мың тұрғын үй және 6 мыңдай әкімшілік, шаруашылық нысандары қираған. Өрттен 26 адам қаза тапқан, оның бесеуі өрт сөндірушілер. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметінше, ормандағы өрт салдарынан 1 миллиардтан астам жануар мерт болған.

Өзгелердің жаңалығы