Австралия Путин мен Ресейдің бірқатар шендісіне қарсы санкция салды

28 Ақпан 2022, 15:01
1269
Бөлісу:
Австралия Путин мен Ресейдің бірқатар шендісіне қарсы санкция салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралия үкіметі Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің бірнеше мүшесіне қарсы санкция салды.

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Австралия Ресей президенті  мен  Қауіпсіздік кеңесінің бірқатар тұрақты мүшелеріне: сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа, қорғаныс министрі Сергей Шойгуға, премьер-министр Михаил Мишустинге және ішкі істер министрі Владимир Колокольцевке қаржылық санкциялар салынады және елге келуіне тыйым салады, - деді Австралия премьер-министрі  Скотт Моррисон өз мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еуроодақ Ресей президентіне, сондай-ақ сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа қарсы санкция салған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы