Қырғызстан мен Өзбекстанға әуе рейстері қайта жанданады

8 Қыркүйек 2020, 15:45
1339
Бөлісу:
Қырғызстан мен Өзбекстанға әуе рейстері қайта жанданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Өзбекстан және Қырғыз Республикасымен әуе рейстерін қайта жандандыратын болды, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 10 қыркүйектен бастап Өзбекстан және Қырғыз Республикасымен әуе рейстерін жанданатын болды, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстан әуе желілерінің Қазақстанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіргелі отырғаны хабарланған еді.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталмаған елдерден Өзбекстанға ұшатын («Қызыл рейстер») жолаушылар ұшудан 72 сағат бұрын ПТР әдісімен ғана жасалған тесттің қорытындысын ұсынуы тиіс. Аталмыш сертификат ағылшын немесе орыс тілдерінде болуы міндетті.


Өзгелердің жаңалығы