Ауыз сумен толық қамтылмаған өңір белгілі болды

27 Сәуір 2023, 13:04
718
Бөлісу:
Ауыз сумен толық қамтылмаған өңір белгілі болды
Фото: Егемен Қазақстан

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы қай өңірлер ауыз сумен толық қамтылмай отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Актөбе, Алматы, Атырау, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ұлытау облыстарының қала тұрғындары ауыз сумен толық қамтылған. Қалаларда ауыз сумен қамтудың ең төмен деңгейі Жамбыл облысында – 91,9% байқалады, - деді ол.

Ал ауылдық елді мекендер бойынша Қостанай облысында – 80,4%, Ақмола облысында – 89,8% және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 85%.

Мемлекет басшысы атап өткендей, «Еліміздің әртүрлі өңірлерінің тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қолжетімділіктің әртүрлі деңгейде қамтылған. Бұл теңсіздікті жою бойынша жұмысты жандандыру қажет». Осыған байланысты көрсеткіштері төмен өңірлерге қаражат бөлу басым негізде беріледі, - деп түсіндірді ИИДМ өкілі баспасөз конференциясында.

Өзгелердің жаңалығы