Ауыспайтын адам болмайды. Бекшиннің бұрынғы әріптестері бастығы жайлы қандай ойда?

29 Желтоқсан 2021, 14:27
1853
Бөлісу:
Ауыспайтын адам болмайды. Бекшиннің бұрынғы әріптестері бастығы жайлы қандай ойда?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жұмыстан кеткен Жандарбек Бекшин жайлы бұрынғы әріптестері қандай ойда?

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов бұрынғы басшысы Жандарбек Бекшин жайлы ойымен бөлісті.

Жандарбек Мұхтарұлы өз ісінің білікті маманы. Ол кісінің бас санитар дәрігер және бас эпидемиолог ретінде тәжірибесі мол. Дегенмен, мемлекеттік қызметшіге қатысты талаптар өте жоғары. Оның ішінде зейнет жасына жеткен адамдарға қатысты өз талаптары бар. Қызметкер зейент жасына жеткен соң ары қарай жұмыс істеуге бір жыл ғана уақыт беріледі. Бұл мемлекеттік қызметшілер туралы заңда көрсетілген, сондықтан оны айналып өтудің басқа жолы жоқ, – деді ол.

Эпидемиолог «Бекшиннің орнын сіз басуыңыз мүмкін бе?» деген сұраққа да жауап берді.

Ауыспайтын қызметші болмайды. Алматыда эпидемиологтар жеткілікті, басшылық қызмет болсын, төменгі саты да болсын маман көп. Сондықтан менен де өзге басшылыққа лайықты адамдар көп,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы