Ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауға бола ма

Кеше, 09:18
469
Бөлісу:
Ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауға бола ма
Фото: pixabay.com

Ауыр жұмыс істейтін аузы берік адам қатты шөл мен аштыққа шалдығып, сол үшін өмірінен не есінен айырылатындай жағдайға душар болса, онда оған оразасын бұзуға рұқсат етіледі. Кейіннен бұл күннің қазасын ғана өтейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

Тек өзін әлсіретуге өзі себепші болып, тіпті ауыз ашуға дейін алып барса, әрі бұған ешқандай зәрулік жағдай түрткі болмаса ғана кәффаратын өтейді.

Сондықтан наубайшы, егінші секілді ауыр жұмыс істейтіндер оразасын аяғына дейін ұстауға кедергі келтіретіндей тым көп жұмыс істемеу керек. Рамазан күндерінде күндізгі жұмысын қысқартуы немесе түнгі уақытқа ауыстыруы қажет. Дегенмен рамазан айларында ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған адамдар таң атқаннан аузын аша бермейді. Сәресін ішіп, аузын бекітеді. Мүмкін Алла оған оразасын соңына дейін тұтуға көмек берер.

Өзінің жұмысын істеу арқылы ауыз ашуға рұқсат ететін зиянның жетуін біліп, алайда ауырмай, не қиналмай жатып оразасын бұзуы – харам, -  делінген "әл-Фәтәуә әл-Һиндия" атты кітапта.

Сондықтан ауыр жұмыс істейтін адам себепсіз ораза ұстамай қалмауына болмайды. Ондай адам Рамазан айының мол сауабынан құр қалып қоймауы үшін еңбек демалысын осы айға сәйкестендіріп, мүмкіндігінше жұмыс уақытын қысқартып немесе одан жеңілдеу жұмысқа ауысқаны абзал.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін  Рамазан айы 1 наурызда басталатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы