Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ Көлік комитеті 2019 жылдың 21 мамырынан бастап 31 тамызына дейін "Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік!" тексеру науқанын өткізуде.
"Көліктік бақылау органдары арқылы акция аясында 2019 жылғы 21 мамыр мен 10 маусым аралығында 10 174 автокөлік құралы тексеріліп, Қазақстан Республикасының Көліктік заңнамаларын бұзғандығы үшін 202 құқық бұзушылық (оның ішінде ҚРӘҚбК 571 бабы 6 тармағымен - 178 және 8 тармағымен–24 бұзушылық) анықталды. Оның ішінде 190 құқық бұзушылық қазақстандықтарға және 12–шетелдік тасымалдаушыларға қатысты. 34,5 миллионнан астам тенге сомасына айыппұл салынып, жүріп өткені үшін алым соммасы 14 миллион астам теңгені құрады", - делінген таратылған ақпаратта.
Акцияның мақсаты - Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына сәйкес ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін бұзуды алдын-алу мен ескерту, сондай-ақ ауыр салмақты көлік құралдарымен жолдарға залал келтіруден сақтау.
Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтілетін болады. Акция басталғаннан бері «Whats app»мессенджерге 1 025 автокөлік құралдары тасымалдаушыларына қатысты бейне, фото өтініштер келіп түсті.