Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алды деп айыпталуда. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісі пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Олар алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 млн 625 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 17 желтоқсанына аталған тұлғалар ұсталып, Алматы қ. ІІД УҰИ-ына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - делінген хабарламада.Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот шығарады.