Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауыр атлетика: кеше зілтеміршілер ел қоржынына 3 медаль салды

10 Шілде 2025, 03:27
493
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінің кезекті күнінде қазақстандық зілтеміршілер 2 күміс, 1 қола медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Байрақты бәсекеде ел мерейін асқақтатқан спортшылар: 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Аңсар Тұрсынбек күміс медаль еншілесе, ал Матвей Макрушин 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп күміс жүлде иегері болды. Сонымен қатар 110 келіден жоғары салмақ дәрежесіндесынға түскен Санжар Жолтай қола жүлдеге қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы