Ауыр атлет Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының өкілі Артём Антропов ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

 AWF 14 Мамыр 2025 2025, 19:27
14 Мамыр 2025 2025, 19:27
546
Фото: AWF

Қазақстан құрамасының өкілі Артём Антропов ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша Антропов 386 (165+221) келіні еңсерді.

Бұл салмақта жеңіске Қытай өкілі Лу Хуаньхуа жетті – 410 (180+230) келі.

Үшінші орынды Түрікменстаннан Дауранбек Хасанбаев иеленді – 377 (182+195) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Пётр Хребтов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде жеңіп алған болатын.

 

Наверх