Ауылшаруашылығы техникасын локализациялауды тереңдету қалай жүріп жатыр?

24 Мамыр 2024, 17:21
410
Бөлісу:
Ауылшаруашылығы техникасын локализациялауды тереңдету қалай жүріп жатыр?
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Бұл туралы Kazrost Engineering Ltd жеке компаниясының қаржы директоры Азамат Жақыпов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Kazrost Engineering Ltd жеке компаниясы арасында ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру бойынша келісімдер жасалды. Олар астық жинайтын комбайндар, тракторлар және оларға арналған жабдықтарға қатысты.

Біздің компания Келісімнің кестелік жоспарларына сәйкес, техниканы локализациялауды тереңдетуді жүзеге асырып жатыр. Өндірілетін техниканың әрбір түрі бойынша локализациялау кезең-кезеңімен жасалуда. Қазіргі таңда біздің өнеркәсіпте жасалып жатқан күрделі құралғылар бар. Олардың ішінде дәнекерлерлеу, пішу, ию операцияларын жасау арқылы комбайнның бункер, саман ұсатқыш-шашқыш, жанармай бактары, трактордың балластты және теңгермелі жүктері жасалады, - деді ол.

Жақыпов жалпы Үкіметтің автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге қандай қолдау көрсетіп жатқанына да тоқталды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Үкіметі ауылшаруашылығы техникасын жасау саласын қолдау бойынша компоненттер импортын ҚҚС төлеуден босату, компоненттерді әкелу кезінде кедендік баждарды төлеуден босату, дайын өнімді өткізу кезінде ҚҚС төлеуден босату, түпкі тұтынушы үшін техника құнының 30% мөлшерінде субсидиялау сияқты шараларды жүзеге асырып жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы