Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында ауылға жұмысқа келген дәрігерлердің көтерме үстемеақылары 10 есеге ұлғайтылатынын айтты.
Министрдің сөзінше, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласында 14 804 дәрігер жұмыс істейді, салынып жатқан объектілерге 3 104 медқызметкер тартылады.
Ауылда денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарға күтілетін қажеттілікті қамтамасыз ету үшін өңірлермен бірге бірнеше шара жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, көтерме жәрдемақыларды 100-ден 1000 АЕК-ке дейін ұлғайту, ауылға жұмысқа келген мамандарды тұрғын үймен міндетті түрде қамтамасыз ету және жалақыны 2023 жылы экономика бойынша орташа жалақыға қарағанда 2,5 есеге дейін кезең-кезеңімен ұлғайту, - деп түсіндірді министр Алексей Цой.
Сонымен қатар қабылданған шаралардың нәтижесінде 2023 жылға қарай жалпы практика дәрігерлерімен және шағын мамандармен 100% қамтамасыз етіледі.
2025 жылға қарай жыл сайын 7,3 мыңға дейін маман білімін жетілдіреді, - деп айтты Денсаулық сақтау министрі.
Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ауыл мектептеріндегі мұғалімдер жаңа жүйе бойынша жалақы алатынын айтты.
Одан бөлек, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ауылдағы дене шынықтыру мұғалімдерінің де жалақылары өсетінін айтқан болатын.