Ауылға мыңнан аса дәрігер жетіспейді - Денсаулық сақтау министрі

23 Шілде 2024, 10:55
2274
Бөлісу:
Ауылға мыңнан аса дәрігер жетіспейді - Денсаулық сақтау министрі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауыл медицинасына қанша кадр мен нысан жетіспейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық жобаның екінші міндетінің аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 
2023 жылы күрделі жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен 3,9 млрд теңге бөлінді. Биыл жылы 9,7 млрд теңге көзделген, сондай-ақ 7,6 млрд теңге бөлуге қосымша өтінім берілген, – деді Әлназарова үкімет отырысында.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда:

-2 аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, 
-10 нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде;
- 5 нысан конкурстық рәсімдерден өту сатысында;
- 5 жоба сараптамадан өту сатысында;
- 8 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жүргізілуде.

Әлназарова ауылдық жерлерге 1100 медицина қызметкері жетіспейтінін айтты.

2023 - 2024 жылдары 152 нысанда 656 медицина қызметкері (375 дәрігер, 281 орта медицина қызметкері) жұмысқа орналастырылды. Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары дәрігер мамандығының беделін күшейту үшін көзделген және мамандардың ауылда тұру уәждемесін арттыруға бағытталған, – деді Денсаулық сақтау министрі.

Өзгелердің жаңалығы