Ауылды дамытуға арналған бағдарламалардың нәтижесі көңіл көншітпейді – сенатор

22 Ақпан 2024, 11:47
322
Бөлісу:
Ауылды дамытуға арналған бағдарламалардың нәтижесі көңіл көншітпейді – сенатор
Фото: Артём Чурсинов - архив

Сенатор Жанболат Жөргенбаев ауылды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға көңіл бөлу мен ауылдың инфрақұрылымына байланысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда соңғы 10 жылда ауылды дамытуға арналған түрлі бағдарламаларды қолға алынғанымен ауыл тұрғындарының қалаға көшуі жыл сайын артқан.

БҰҰ болжамына көз жүгіртсек 2050 жылы урбанизация 70%-ға жетуі мүмкін. Мәселен статистикалық мәлімет бойынша қала тұрғындарының үлесі 56%-дан 62%-ға дейін өсті. Ауылдарда тенденция басқаша. Ауыл халқы тиісінше 43,9%-дан 38,8%-ға төмендеген. Мәселен бүгінгі күнде елімізде халық саны 50 адамнан аз 549 ауыл бар. Ел ішіндегі урбанизация келешекте кейбір өңірлерде жұмыс күшінің профицитіне, керісінше кей аймақтарда жұмыс күшінің тапшылығына алып келуі мүмкін. ІІМ мәліметі бойынша жыл сайын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шамамен 2 млн адам өтеді. Өңірлер де, мегополистер де мұндай көші-қонға дайын емес. Дамыған елдерде халықтың 4,3 бөлігі қалада тұрады. Мәселен елімізде ресми түрде 90 қала бар. Оның 70%-ы ұсақ қала, 20-сының ғана халқы 100 мыңнан асады. Яғни барлығын мегаполис деп айта алмаймыз. Шағын қалаларда әсіресе жалғыз өнідіріс орындарына қарап отырған моноқалаларда инфрақұрылым толық шешілмегені мәлім. Осы орайда облыстарда жаңа өндіріс орындарын ашып, ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар енгізбейінше үкімет ретсіз урбанизацияның салдарымен күресе береді, - деді сенатор.

Оның айтуынша, ауыл-аймақтың инфрақұрылымын жетілдіру негізінде елдің әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің негізгі фактор.

Ауылдарда баспана, жалақы, мәдени инфрақұрылымдар дәл қаладағыдай қолжетімді болу керек. Әсіресе білім кластерін құрудың маңызы жоғары. Ветеринария, ауыл шаруашылығы бойынша, ал мұнайлы аймақтарда мұнай-газ мамандықтарына баулитын білім ошақтарын көтеру керек. Сонда ғана біз ішкі миграцияны аз да болса ауыздықтай аламыз, - деді Жанболат Жөргенбаев.

Өзгелердің жаңалығы