Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ауылды елді мекендердегі қанша мектепте интернет жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда сапалы интернетпен 85 пайыз мектеп қамтылып отыр. Интернет жылдамдығы кемі 20 MB/s, ал бұған дейін 4,8 MB/s еді. Онымен қоса, алыс шалғайдағы 94 ауыл мектебін сапалы интернетпен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Қазіргі таңда бұл мәселе Цифрлық даму министрлігімен бірге шешіліп жатыр. Оның басты себебі - мектептер шекараға жақын аймақта орналасуы. Ол аймаққа Starlink интернетін жеткізіп көргенбіз, бірақ оның жұмыс істеуіне кедегілер бар екенін анықтадық. Мұны енді басқа жолмен шешуді көздеп отырмыз. Дегемен осы жұмыстың барысында басқа да 136 ауылдық мектепке желі тарту арқылы интернет орнатып жатырмыз, - деді Ғани Бейсембаев.
Бұған дейін Ғани Бейсембаев еліміздің ауылдарында қанша мектеп барын мәлімдеген еді. Оқу-ағарту министрі шекара маңындағы мектептерді сақтап қалуымыз керек екенін жеткізген болатын.