Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Шиелі ауданы Балаби, Сұлутөбе, М.Шоқай елді мекендердегі мектептерде дәрігерлік пункттерде болып, ондағы қызметкерлермен кездесіп пікір алмастық.Бұл туралы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы facebook-тегі парақшасында жазды.
Қуантатын жағдай індет пен ауырғандар саны күрт азайыпты. Ауыл халқы да індеттен сақтану шараларын дағдыға айналдыра бастапты. Министрлердің назарларына құлаққағыс ауылдарда интернет өте нашар жұмыс істейді. Көп жерлерде тартпайды. Ата-аналардың көпшілігі балаларының мектепте оқымағанына алаңдаушылық білдіруде, - деді ол.
Депутат айтқандай, өткендеде айтқанмын ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларын дәстүрлі негізде мектепте оқытпасақ білім алуда олар көш кейін қалып қояды.
Халық азық- түлік, көмір бағасының қымбаттағанына алаңдаулы. Бозой-Самсоновк газ құбырының бойында отырып осы кезге дейін облыстың ауылдық елді мекендері газға қол жеткізе алмауда. Парламент қабырғасында ауылдық жерлерді газдандыру мәселесін екі рет көтерсек те Үкімет уәде берумен шектеліп отыр. Ауылды газдандыру бұл әлеуметтік мәселе. .Су тапшылығына байланысты бау-бақша еге алмай қалғандарын айтады. Мал ұстауға жем шөптің қымбаттылығы да қол байлау, - деді ол.
Ол атағандай, ауылда шешілмей келе жатқан проблемалар шаш етектен.
Ынтымағымыздан айырмасын дейік. Мына ескерткіш қазақтың аяулы қызы, ғалым, ұстаз Алма Қыраубаеваға туған ауылы М. Шоқай ауылындағы орта мектепке атын бергенде қойылған еді. Алма апай КазГУ де дайындық курста жүргенде сабақ берген ұстазым болатын. Ғалымның, ұстаздың аты өшпейді дегеннің дәлелі осы мектепте оқып жатқан шәкірттері болар, - деді депутат.