"Әдемі" подкасттың бүгінгі шығарылымында қарапайым ауыл қызының миллиондаған табысы бар кәсіпкерге қалай айналғанын білетін боласыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
Қонағымыз әлеуметтік желілерді пайдаланып, Қытай арқылы сауда жасап үлкен табыс көзіне қалай жеткенін айтады.
Сондай-ақ "Ауылда отырып қомақты табыс табу мүмкін бе?", "Онлайн сатудың артықшылықтары қандай?", "Қытаймен бизнестің қиындықтары қандай?", "Тиктокта табыс жоғары ма?" деген және басқа да сауалдарға жан-жақты жауап береді.
Айта кетейік, осыған дейінгі подкастта ЭКО жасату мәселесі айтылған еді.
Әдемі - нәзік жанды аруларымыздың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді талқылайтын подкаст.
Біздің басты мақсат - әртүрлі тақырыптарға ашық сөйлесіп, көкейкесті сұрақтарға жауап табу.