Ауыл тұрғынының үйінен қару-жарақтың жасырын қоймасы табылды

Ақмола облысында ауыл тұрғынының үйінен қару-жарақтың жасырын қоймасы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 Маусым 2023 2023, 01:28
АВТОР
 Архив BAQ.KZ 18 Маусым 2023 2023, 01:28
18 Маусым 2023 2023, 01:28
1462
Фото: Архив BAQ.KZ

Ақмола облысында ауыл тұрғынының үйінен қару-жарақтың жасырын қоймасы табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Зеренді ауданының Садовое ауылында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғынның үйінен қару-жарақтың жасырын қоймасын тапты.

Атап айтқанда, калашников АҚСУ-74 автоматы, оған 5,45 мм калибрлі 29 оқ және 16 калибрлі ТОЗ аңшылық тегіс ұңғылы мылтығы тәркіленді. Ауыл тұрғынының айтуынша, оған автомат пен оқтар қайтыс болған досынан, ал мылтық әкесінің мұрасынан қалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу аясында ақмолалықтың айғақтары мұқият тексерілетін болады, - делінген полиция мәліметінде.

Наверх