Ауыл тұрғыны тіркелмеген мылтықты заңсыз сақтаған

19 Мамыр 2021, 11:15
1845
Бөлісу:
Ауыл тұрғыны тіркелмеген мылтықты заңсыз сақтаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жергілікті тұрғынның мылтық қаруды заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат алды.

34 жастағы жергілікті тұрғынды тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде полиция қызметкерлері жатын бөлмесіндегі сөреден 5,6 және 28 калибрлі «Белка» екі ұңғылы мылтығын тауып, тәркіледі.

Ер адам бұл мылтықтың марқұм әкесіне тиесілі екенін және заңдастыруға үлгермегендігін айтып, түсіндірді.

Қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті азаматтарға заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.



Өзгелердің жаңалығы