Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауыл тұрғындарының шағымынан соң шаруа қожалығы басқа жерге көшірілді

8 Мамыр 2025, 09:49
567
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Жамбыл облысы, Байзақ ауданының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы прокуратурасының мәліметіне сәйкес, Байзақ ауданының прокуратурасы инвестор "Алель-Агро" АҚ-ның құқықтарын бұзу фактісін анықтады.

Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 12 мамырдағы қаулысының негізінде "Алель-Агро" АҚ ет бағытындағы құстарды өсіру үшін инвестициялық жоба ретінде танылып, облыстың кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген.

Байзақ ауданы әкімдігінің 2023 жылы қарашада "Алель Агро" АҚ-ға шаруа қожалығын жүргізу үшін Бәйтерек ауылдық округінің аумағындағы жалпы көлемі 87 га жер учаскесі уақытша өтеулі ұзақ мерзімге 24 жылға жалға жер пайдалану құқығы берілген.

Дегенмен, ауыл тұрғындары зиянды қалдықтардың шығуы мен ауаның ластануы зиян келтіреді негіздермен зауыттың соғылуына қарсы болғандықтан, инвестор аталған жер учаскесінің аумағын ауданның арнайы жер қорынан ауыстырып беру туралы аудан әкімдігіне өтініш білдірген. Жер комиссиясы 2024 жылғы 14 қарашада аталған мәселе бойынша оң қорытынды қабылдаған, - делінген хабарламада.

Алайда, "Алель-Агро" АҚ өкілінің 2024 жылғы 22 қазандағы берілген өтініші түпкілікті шешімін таппаған және ол бойынша тиісті қаулы шықпаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 2025 жылы 26 наурызда инвесторға Байзақ ауданы "Көкбастау" жер қорының жерінен ауыстыру арқылы беріліп, жерлерді игеру басталды, - деп хабарлады Жамбыл облысы прокуратурасы.

Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бұл жобаның іске қосылуы инвестиция тартып, 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуғамүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы