Ауыл тұрғындары жергілікті әкімдерді сайлауға қызығушылық танытты – Руслан Желдібай

Президенттің Ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібайдың айтуынша, Ұлттық құрылтай платформасында өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланады. Мәселен, «Азаматтық қоғам» секциясында жергілікті әкімдерді сайлаудың нәтижесі туралы мәселе қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 14 Наурыз 2024 2024, 19:34
14 Наурыз 2024 2024, 19:34
903
Фото: Ақорда

Президенттің Ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібайдың айтуынша, Ұлттық құрылтай платформасында өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, «Азаматтық қоғам» секциясында жергілікті әкімдерді сайлаудың нәтижесі туралы мәселе қозғалды

Жергілікті жердегі сайлау – біз жүргізген маңызды реформаның бірі. Соңғы сайлау аудандар мен ауылдарда тұрғындардың қызығушылық танытқанын көрсетті. Енді ел азаматтары сайлау процесіне қатысуға тырысып отыр. Олар әкімді өздері таңдап, белгілі бір іс-шаралардың орындалуын сол кісіден сұрайтын болады. Біз сайлау нәтижесіне талдау жүргіземіз. Қазір өңірлерде жергілікті әкімдердің сайлауына қызығушылық жоғары, - деді Руслан Желдібай.

Наверх