Ауыл шаруашылығындағы техникалардың 76%-ы тозған – Бектенов

29 Қазан 2024, 11:38
343
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығындағы техникалардың 76%-ы тозған – Бектенов
Фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығындағы техниканың тозу деңгейі 76%-ға жетті. Мұны үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қарқыны іс жүзінде - 5%, ал норма 6-8% болуға тиіс. Биыл біз қолдау шараларын тек отандық ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға ғана қайта бағыттадық. Импорттық аналогтарды субсидиялау алынып тасталды. Сондай-ақ, техника лизингінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау кезінде отандық техника үшін айтарлықтай төмен – сараланған тәсіл көзделді. Осы шаралардың барлығы локализациялауды тереңдетуге, шығарылатын техника номенклатурасын кеңейтуге және отандық техника паркін жаңартуды жеделдетуге ықпал ететін болады, - деді Бектенов.

Үкімет басшысының сөзінше, теміржол машинасын жасау секторының да даму әлеуеті өте жоғары.

Қазіргі таңда аталған салада техниканың тозу деңгейі 55%-ға жетті. Бұған дейін қолжетімді лизингтік қаржыландыру тетігі іске қосылған болатын. Соның арқасында биыл секторда өндіріс көлемі 1,5 есеге өсті. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Тасымалдаушылардың қажеттіліктері толық көлемде және бірінші кезекте отандық техниканың есебінен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондықтан жұмыс қарқынын арттырып, дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектер шығаратын жаңа жобаларды іске қосу қажет, - деді Олжас Абайұлы.

Өзгелердің жаңалығы