Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан агроөнеркәсіп кешені қауымдастықтарының альянсы және «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2022-2027 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынды.
Бүгін елордада Қазақстан АӨК (агро-өнеркәсіп кешені) қауымдастықтарының альянсы және «Ауыл» партиясы бірлесіп өткізген «АӨК-ты дамытудың жаңа бағдарламасының тұжырымдамасы» атты дөңгелек үстел барысында АӨК-ті дамытудың түйткілді мәселелерін талқылау және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуде тараптар әріптестік ниетін нығайту үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Альянс өкілі, «Картоп және көкөніс өсірушілер одағы» төрағасы Қайрат Бисетаев тұжырымдама «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қағидаты бойынша әзірленіп жатқанын айтты.
«АӨК саласының 100 түйткілді мәселесі және шешу жолдары» тұжырымдамасының негізінде бизнестің тұрақты тиімділігі мен ауыл шаруашылығында тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету қағидаты жатыр. «Тұжырымдама «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қағидаты бойынша әзірленуде. Бағдарлама қарапайым әрі түсінікті болып, сондай-ақ «төменнен-жоғары», яғни өңірлерде ауыл шаруашылғы өндірушілерінің нақты сұранысына құрылымдалуы керек деп санаймыз, – деді ол.
Жиын барысында сөз алған салалық қауымдастық өкілдері бағдарлама негізіне алынған ТОП-10 өзекті мәселе мен ұсынысты атады:
1) Миллиардтаған бюджетке қарамастан мемлекеттік қолдау шараларының ағымдағы жүйесі АӨК-тегі бизнестің тиімділігіне кепілдік бермейді. Тұжырымдама ұсынысы: қаржы құралдарын кәсіпорындардың ұзақ мерзімді несие төлеу қабілетін сақтауға бағыттау. Бұл шара несиелеу ұйымдары мен инвесторларға сенімділікті қамтамасыз етеді.
2) Баға белгілеуді реттеудің нарықтық құралдары әкімшілік тыйымдар мен шектеулерді алмастыруы керек. Халықтың әлеуметтік осал топтарына декларативті көмек көрсетуден кетіп, оларға нақты қамқорлық көрсетуге – азық-түліктің атаулы көмегіне көшу қажет.
Мұндай реформа – азаматтардың барлық санаттарына, соның ішінде қамтамасыз етілген азаматтарға арналған бағаларды бақылауды тоқтату, нан пісіру және дәнді дақылдарды өңдеудің өзінде жыл сайын қосымша 60-80 млрд теңге алуға, сондай-ақ, мысалы, 2020 жылы бидай экспортына тыйым салу (11 млрд теңге шығын), 2019 жылы тері экспортына тыйым салу (10 млрд теңге шығын), мал экспортына тыйым салу (жыл сайын 30 млрд теңге жоғалту) сынды әкімшілік кедергілерден шығындарды болдыртпауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті «Қазақстан астық өндірушілері одағы» қауымдастығының президенті Евгений Ган.
3) Саланы ынтыландыруға арналған фискалды құралдар: АӨК-тегі салық режимі өндіріс түріне емес, меншік формасына, жер телімдері мөлшеріне байланысты, бұл жайт кедергі келтіретін, кенжелететін фактор болып отыр.
Әр гектардан есептелетін және өнімнің түсіміне ғана байланысты бірыңғай аграрлық салық жерді тиімді пайдалану және баршаға бірыңғай режимді қамтамасыз етуге бағытталған. Салық жергілікті бюджетке түсетін болады, ауыл тұрғындарының қалаға кетуінің негізгі себебі болып отырған ауылдарды инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде теңгерімсіздікті жоюды мақсат етеді», – деп түсіндірді «Қазақстан ет одағы» ЖК және ЗТБ бас директоры Мақсұт Бектібаев.
4) Техникаға салынатын баж салықтары, салықтар және алымдарды 5-10 жылға алып тастау арқылы ескірген машина-трактор паркін 40%-ға жаңарту қарқынын арттыруға болады. Ауыл шаруашылығы техникасын асалынатын утилизациялық алым арқылы мемлекеттік қолдауды бір саладан екінші салаға бөлу мүмкіндігін алып тастау маңызды. АӨК-ті субсидиялаудың жалпы жылдық көлемі 287 млрд теңгені құрайды, ал утилизациялық алым бойынша фермерлерден түсетін төлемдердің жалпы көлемі 56 млрд теңге немесе ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жалпы көлемінің 20%-ын құрайды. Бірінші кезекте утилизациялық алымды алып тастау қажет немесе техника құнынан 10-30% мөлшерлеме орнына тиімді 0,5% мөлшерлемені белгілеу қажет.
5) Ауылдық аймақтардың дамуын ауыл шаруашылығы өндірушінің базалық ауылынан қатты жол жабынымен 25 шақырымнан артық емес қашықтықта жатқан тірек ауылдың толыққанды инфрақұрылымға қолжетімділігін арттыру принципі бойынша іске асыру қажет. «Мұндай принцип АҚШ, Канада және Австралияда фермерлікті дамыту және аумақты игеруді қамтамасыз етті», – деді Қазақстан астық одағының төрағасы Нұрлан Оспанов.
6) Қоладынастағы мемлекеттік қолдау және фискалды саясат агробизнесті ауылдық аумақтарды дамытуға қатысуын ынталандырмайды. Ауыл тіршілігіне демеу көрсеткен және қолдау көрсетуді жалғастырып жатқан орта және ірі бизнес ауылдық жерлерді дамыту үшін жергілікті билік органдарымен бірлескен жобаларды қаржыландыруға қатыса алады. Ол үшін ынталандыру шараларын әзірлеу қажет.
7) Несиелердің жалпы көлемінен небәрі 1,8%-ы (2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай) ауыл шаруашылығына тиесілі (2019 жылдың 1 қаңтарында – 3,7%). Капиталды салымдардың басым бөлігі – шамамен 73% – кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады. Ұсынылған шешім – өңірлік даму институты ретінде несеилік серіктестер жүйесін дамыту, олардың негізінде фермерлік несиенің коопартивті жүйесін құруға болады.
8) Жаңа шаруалардың нарыққа кіруін оңтайландыру. Қазіргі таңда жаңа ферманы ашу процедурасына 2-3 жыл жұмсалады. ӘКК-ті тарту арқылы өңірлерде үлгілік фермалардың ашу (жер, инфрақұрылым, телімдерді сегменттейді, үлгілік жоба) және аукционы арқылы дайын бизнесті сату нарыққа жаңа ойыншылардың кіруін жеделдетеді.
9) Қаржыға қолжетімділікті тәуелдіктіліктің түсінікті болуы және сақтандырудың экономикалық қолжетімділігі есебінен арттыруға болады.
Кем дегенде 250 миллиард теңге болатын мемлекеттік қолдау құрғақшылы, аурудың қаупімен өтелуі мүмкін, сондықтан алушыларға сақтандыру төлемінсіз субсидиялауды беруді тыйым салу маңызды. Базалық тәуекелдерді сақтандыруға орташа жылдық қажеттілік 40 млрд теңгені құрайды, – деді «Агросақтандыру қауымдастығы» төрағасы Серік Ыбыраев.
10) Жер тедімдерін тиімсіз пайдаланатын жер иелерінің тізілімін ашу маңызды (нарық деректерді білуі керек, өйткені бұл кредитеордар мен сақтандырушылар үшін тәуекелдер).
Жиын соңында «Картоп және көкөніс өсірушілер одағы» төрағасы Қайрат Бисетаев ауылшаруашылық өнімдері мен оның қайта өңдеу өнімдерінің кепілдендірілген экспортын қамтамасыз ету мақсатында АӨК саласын қызықты болатын елдердегі Қазақстанның елшіліктерінде Аграрлық сауда миссияларын ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады. Бұл миссияның басшысы ретінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша тағайындайды.