Ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі, әрі министр міндетін атқарушы тағайындалды

10 Шілде 2021, 16:40
1589
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі, әрі министр міндетін атқарушы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Ербол Қарашөкеевті таныстырды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.  

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев  ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды. 

Е. Қарашөкеев «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды. 

Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.


Өзгелердің жаңалығы