Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

28 Шілде 2023, 15:03
1665
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы Үкіметтің ресми Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Рүстем Жомартұлы Құрманов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, - деп жазылған хабарламада.

Құрманов Рүстем Жомартұлы 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы, Новоишимск ауылында дүниеге келген.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіптік кешен секторындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.

2003 - 2003 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімі жетекші маманның м.а., 
2003 - 2004 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы, 
2004 - 2006 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, 
2006 - 2009 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақмола облыстық аумақтық басқармасының экономикалық талдау бөлімінің бастығы, 
2009 - 2011 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қайта өңдеу өнеркәсібін және аграрлық азық-түлік нарығын дамыту департаменті Аграрлық азық-түлік нарығын дамыту басқармасының бастығы, 
2011 - 2012 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК инвестициялық және инновациялық саясат департаментінің директоры, 
2012 - 2013 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры, 
2013 - 2015 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы,
2015 - 2017 - Агроөнеркәсіп кешені және азық-түлік өнеркәсібі департаментінің бас директоры, хатшылықтың хатшысы, 
2017 - 2017 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі кеңесшісінің м.а., 
2017 - 2017 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, 
2017 - 2018 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, 
2018 - 2019 - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдинг" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы,
2019 - 2019 - Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 

2019  жылдан осы уақытқа дейiн - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
 

Өзгелердің жаңалығы