Ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігі маңызды – Президент

Бүгiн, 16:06
98
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігі маңызды  – Президент
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігі маңызды. Мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу жөнінде міндет қойдым. Бұл мақсатқа 120 миллиард теңге бөлініп, отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жылына 5 пайызбен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталды. Қазақстанда 8 ірі бірлескен кәсіпорын, соның ішінде «Клаас» неміс концерні мен ресейлік «Ростсельмаш» компаниясы табысты жұмыс жатыр,- дейді Президент.

Мемлекет басшысы биыл шамамен 160 миллиард теңгеге жуық қаржыға 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн (оның 107-сі «Клаас» компаниясына тиесілі) шығарылғанын айтып өтті.

Үкімет еңбек өнімділігін арттыруға, импортталатын қосалқы бөлшектерді локализациялап, ұсақ бөлшектерден құрастырылатын өндірісті қолдауға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса мән беруі керек, - дейді Президент.

Өзгелердің жаңалығы